Усэйн Болт Бейжің Олимпиадасындағы "алтынынан" айырылды

1001

Усэйн Болт Бейжің Олимпиадасындағы "алтынынан" айырылды

Аты аңызға айналған ямайкалық желаяқ Усэйн Болт алтын медалінен айырылды. Ол енді Олимпиадада еншілеген 9 алтынының біреуін қайтарып беруі керек, деп жазады 24Хабар.

Нақтырақ айтсақ, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында эстафеталық жүгіруде бір командада болған серіктесі Неста Картерден допинг анықталған. Спортшыдан алынған сынаманы қайта тексергенде, оның қан құрамынан метилгексанамин препараты табылған.

Айта кетейік, 30 жастағы Болт өзінің тоғызыншы алтын жүлдесін былтыр Рио-де Жанейрода өткен Олимпиадада жеңіп алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу