Ямайка құрамасындағы әріптесі Неста Картердің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты әйгілі желаяқ Усейн Болт 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4 спортшының 100 метрлік эстафетасында жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болды. Бұл туралы "Росбалт" хабарлады.
"Медалімді қайтарғым келмейді. Бірақ бұл Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) талабы болғандықтан амалсыз көнуге тура келеді", – деді Болт.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу