Үш адам уланып, екі адам қайтыс болды

725

ТКШ бөлімшелері міндеттерін атқармай отыр. 

Үш адам уланып, екі адам қайтыс болды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде жыл сайын 20-дан астам адам газдан уланудың салдарынан қайтыс болатынын жариялады. 

"Жыл сайын табиғи және сұйытылған газдан улану салдарынан 20-дан астам адам қаза болады. Газ баллоны құрылғысының жарылуынан топтасқан адам өлімі мен жарақаттану оқиғалары да орын алады. Мәселен, өткен жылғы 9 желтоқсанда Алматы облысының Жаркент қаласындағы дәмханада газды ауа қоспасының жарылуы орын алып, салдарында нысан опырылып құлады. Дәмхананың 7 жұмысшысы жарақат алды, үйдің 120 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді", – деді министр.

Юрий Ильиннің айтуынша, 1 қарашада Жамбыл облысында табиғи газ пешінің түтіндік құрылғысының бұзылуынан үш адам уланып, екі адам қайтыс болды. Уланған азаматтар ауруханада ауыр халде жатыр. 

"Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға сәйкес, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ пайдалану жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Бүгінгі таңда тек Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының, Қостанай және Ақмола облыстарының жергілікті атқарушы билігі ғана газ-техникалық инспекциясын құрды. Қалған өңірлерде бұл міндет ТКШ бөлімшелеріне жүктелген. Алайда олар бұл жұмысты атқарып жатқан жоқ", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу