Үш ай ішінде Түркістан облысында жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тапты

495

Түркістан облысында үш ай ішінде жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш ай ішінде Түркістан облысында жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тапты

Жыл басынан бері Түркістан облысының аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, автокөлікті мас күйінде басқару, көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандарға беру, сондай-ақ жол бойында төрт-түліктің қараусыз жайылуы болып отыр.

Бүгінде профилактикалық жұмыстардың барысында тәртіп сақшылары ауыл аймақты аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Басты мақсат - тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру.

Бүгін Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев Сауран, Созақ аудандарында болды.

Жергілікті тұрғындарға жол ережелерін түсіндірген полицейлер жолдарда мұқият болу қажеттігін ескертіп, көпшілікті жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу