Үш айда Қазақстаннан 2,6 мың адам көшіп кетті

520

Сонымен қатар, 7,6 мың адам көшіп келген

Үш айда Қазақстаннан 2,6 мың адам көшіп кетті

 

Жыл басынан бері Қазақстанға өзге елдерден 7,6 мың адам көшіп келсе, 2,6 мыңы көшіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Аталған кезеңде ел ішіндегі миграция 10,9% артты.

"Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты. 2023 жылғы қантар-наурызда елге көшіп келгендер саны 7 680 адамды, елден кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады.2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өсті, ал шығып кеткен 49,6% азайды," - делінген мәліметте.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу