Үш айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,5 трлн теңгеге жетті

133

Инвестициялар өсімнің драйвері болып отыр. 

Үш айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,5 трлн теңгеге жетті Фото: Үкімет

Инвестициялардың жоғары өсімі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады. Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика мұнай саласын есепке алмағанда өсіп отыр. Нақты сектордағы өсу 2,1%-ды, көрсетілетін қызметтер өндірісі 3,7%-ды құрады. Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсуді көрсетті. Сауда 4,8%-ға, байланыс қызметтері 3,9%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті", – деді вице-министр.

Азамат Әмрин инвестициялар өсімнің драйвері болып отырғанын жеткізді. Оның дерегінше, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,4%-ға артып, 3,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 20,9%-ға өсті.

"Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауға салынған инвестициялар көлемі 2,5 есеге, ақпарат және байланысқа – 2 есеге, ауыл шаруашылығына – 70,6%-ға, саудаға – 28,2%-ға, өңдеу өнеркәсібіне – 21,6%-ға, көлік қызметтеріне – 7,9%-ға өсті. Инвестициялардың жоғары өсуі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Бұл ретте Қостанай, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында айтарлықтай төмендеу байқалып отыр", – деп атап өтті Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу