"Үш айлық баламен мұнараға шықтық": Ырғыз ауданында бір отбасы тасқын судан қашамыз деп адасып кеткен

1202

Қазіргі уақытта отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды. 

"Үш айлық баламен мұнараға шықтық": Ырғыз ауданында бір отбасы тасқын судан қашамыз деп адасып кеткен Фото: бейнеден скриншот

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан бас сауғалап, мұнара басына шығып алған тоғыз адамды құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Су тасқынына байланысты олардың қолындағы телефон да, интернет те істемей қалған.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті адамдар өз көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен, ол суға батып кеткен.

“14 сәуір күні ұшып шығып, адамдарды құтқардық. Сол кезде тоғыз адамды тауып алғанымыз есімде. Оларда байланыс жоқ, су басып қалғанда үйлерінен қашып шығып, адасып кеткен. Бағананың астынан қол бұлғап, оларды көріп қалып, құтқару операциясын бастап кеткенбіз. Бес баламен далада қалған. Күшіміз таусылса да көмек көрсетуден тайынбаған экипажыма рахмет”, – дейді майор Бейбарыс Ибраев.

Отбасы бала-шағасымен таудың төбесіне көтерілген. Олар таң ертең үйлерінен қашып шыққаннан кешке тікұшаққа бірақ мінген.

“Тікұшақ бұрылып келе жатқанда қатты қуанып кеттік. Таңғы 11-де шыққаннан кешке 4-те міндік тікұшаққа. Үстімдегі курткамды шешіп, үш айлық балама бердім. Бала тұрмақ, өзіміз де шаршадық. Тауға шыққан оңай болмады. Балалар құлап, жығылып зорға шықтық. Балаларды тікұшақ келеді, сусын, тамақ алып келеді деп алдадық”, – дейді келіншек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу