Бішкек полицейлері үш айлық баланы сатпақшы блды деген айыппен үш әйелді ұстады. Бұл туралы akipress.org хабарлады.
Ақпарат көзінің жазуынша, Свердлов ауданының Ішкі істер бөліміне 1995 жылғы К.А. есімді ыстықкөлдік әйел хабарласып, өзінің үш айлық қызын белгісіз әйелдердің 10 мың сомға сатып жібергені туралы арыз түсірген.
Ол әлгі әйелдерді жіті танымаса да, түсін түстеп, жас шамасын айта алған.
Нәтижесінде, полицейлер дереу оперативтік іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді қамауға алды. Олар Ыстықкөл және Шу облыстарының тумалары – 1977, 1982, 1991 жылғы әйелдер болып шықты.
Қазіргі таңда сәби табылып, сот шешімі шыққанша арнайы балалар үйіне берілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу