Қазіргі уақытта республиканың барлық аймақтарында егін жинау жұмыстары жүріп жатыр. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,6 млн га жиналып, 12,6 ц/га орташа өнімділікпен14,7 млн тонна астық жиналды.
Ақмола облысында – 3,5 млн тонна астық жиналды, Солтүстік Қазақстан облысында –3,3 млн тонна, ал Қостанай облысында –3,8 млн тонна өнім жиналды.
Астықтың болжамды жалпы көлемі 12,6 ц/га өнімділікпен 19,5 млн тоннаны құрайды. Негізгі үш астықты өңір бойынша шамамен 15 млн тонна жинау жоспарланып отыр.
Қазақстандық астықтың дәстүрлі импорттаушылары Орта Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан), сондай-ақ Ауғанстан, Иран және Әзірбайжан болып табылады, оларға 2016 жылы ұнды ескере отырып 7,5 млн. тонна астық жеткізілді, бұл жалпы экспорт көлемінің 87% құрайды. Сол сияқты, ағымдағы жылы астық экспортының негізгі көлемі осы елдердің үлесіне тиетін болады.
Бұдан бетер, қазақстандық астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің белгілі бір көлемдері қытай нарығына, ЕО, Солтүстік Африка және таяу Шығыс елдерінің нарықтарына жеткізілетін болады.