Үш әуежай облыс орталықтары әкімдіктерінің коммуналдық меншігіне беріледі

894

Ұлттық қордың Директорлар кеңесінің отырысында жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және түзету мәселелері талқыланды.

Үш әуежай облыс орталықтары әкімдіктерінің коммуналдық меншігіне беріледі

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы барысында "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ, "Павлодар әуежайы" АҚ-ны тиісті облыс орталықтары әкімдіктерінің коммуналдық меншіктеріне беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бүгін Ұлттық қордың Директорлар кеңесінің отырысында жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және түзету мәселелері талқыланды.

Қордың компаниялар тобының негізгі қызметінен түскен кірістері 2018 жылы 35%-ға ұлғайтылғаны аталып өтті. Таза кіріс көлемі 2017 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есеге өскен. Оң өндірістік қаржылық нәтижелер қорға денсаулық сақтау, салауатты өмір салты, медицина, білім беру және қайырымдылық салаларында әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруға және кеңейтуге жол ашты.

Отырыс аясында қордың қайырымдылық бағдарламасын орындаудың 2018 жылға арналған жылдық есебі қаралды.

Айта кетсек, қор атынан қайырымдылық шараларын орындайтын оператор – Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры. 2018 жылы корпоративтік қор 250 мыңнан астам адамды қамти отырып, 5,5 млрд-тан астам теңгеге 32 қайырымдылық жобасын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу