Үш ауылды су астында қалдырған 75 жастағы директор сотталды

Ол пайдакүнемдік мақсатты ойлап, су тасқыны уақытында тиісті шаралар қабылдамаған. 

Үш ауылды су астында қалдырған 75 жастағы директор сотталды Фото: imghub.ru

Соның салдарынан Ақтөбе облысындағы 3 ауылды топан су шайып кеткен еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 2024 жылдың 4 сәуірі күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданында болған. Сол аумақтағы "Мағаджан" плотинасы топан суға шыдамай, жарылып кеткен. Су қоймасынан аққан су Табантал, Қызылту және Бесқоспа секілді ауылдарды түгелдей дерлік басып қалған-ды. Мұнан тұрғындардың үйін су басып, жеке мүліктері жарамсыз болып қалды. Су тасқыны ауылдың жолдарын да шайып әкетті. Аталған жайтқа кінәлі компанияның 75 жастағы директоры еді. 

Ақтөбе облысының прокуратурасы іс материалдарына сәйкес, плотинаға жауапты басқарушы компанияның директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу үшін тиісті шаралар қабылдамағанын хабарлаған. 

– Хромтау аудандық соты оны ҚК-нің 254-бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салды және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеді, – деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу