Қырғызстанда би кешіне барған 100-ге жуық оқушы көміртегі газымен уланып қалды. Зардап шеккендердің алтауы ауыр халде жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Қырғыз елінің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 27 желтоқсан күні 7-8 сынып оқушылары спортзалда би кешін ұйымдастырған. Электр сымдарының үзілуіне байланысты кешен түтінге толып, залдағылар уланып қалыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу