Үш ауысымдық оқу мәселесі толық жойылады

953

Үш ауысымдық оқу мәселесі толық жойылады

Қарағандыда 1200 орындық мектеп ашылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағандыда білім мәселелерін зерттеп, қала басшылығына Оңтүстік-Шығыста тағы да бір мектеп салу мәселесін шешуді тапсырды.

"Орын табылды. Гапеев көшесінде облыстық медицина орталығына қарсы бос жер учаскесі бар. Биыл қаржыны қайта үлестірудің есебінен 1200 орындық мектептің құрылысын бастауды ұсынамыз. Осылайша, қалада үш ауысымдық оқу мәселесі толық жойылады", - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.

1 сәуірде Оңтүстік-Шығыста "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша № 102 мектеп-гимназиясы ашылады.

Айта кетейік, жаңа мекеме №101 мектеп-лицейі мен №23 орта мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндікк берді. Әзірге бастауыш мектеп пен мектепке дейінгі дайындық ауыстырылды. 1 маусымда орта және жоғары буын оқушыларын қабылдау басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу