Үш баланы құтқарған Павлодар облысының тұрғынына пәтер сыйға берілді

886

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақтоғай ауданының тұрғыны Андрей Карандашовқа алғыс айтып, үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz әкім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш баланы құтқарған Павлодар облысының тұрғынына пәтер сыйға берілді Фото: Валерий Бугаев

Төтенше жағдай 2022 жылғы 15 шілде күні Ақтоғай ауданының Приреченск ауылында орын алған. Бір отбасының жеті жасар егіз ұлы мен олардың тоғыз жасар ағасы Ертіске батып кете жаздаған. Ауылдастарының жедел әрекетінің арқасында балалардың үшеуі де аман қалды. 

Облыс әкімі Андрей Карандашовқа "Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін" төс белгісі мен үш бөлмелі пәтердің кілтін сыйлап, ерлігі үшін алғыс айтты.

"Бұл шын мәнінде ерлік емес, біз үшін баға жетпес және сіз құтқарған балалар үшін аса маңызды нағыз қаһармандық әрекет. Мен өңірімізде сіз сияқты азаматтар болғаны үшін мақтанамын. Ата-анаңызға өзіңіздей еліміздің адал азаматын тәрбиелегені үшін көп рахмет. Сізге өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын", – деді Әбілқайыр Сқақов.

Андрей Карандашов Ақтоғай ауданындағы Приреченск ауылының тумасы. Отбасында зайыбымен екі бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі кезде "Ақтоғай-Агро" ЖШС-де жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін оның отбасы жалдамалы үйде тұрған еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу