Үш баласын өлтірді деген күдікті "Жусан"операциясымен Сириядан қайтарылған

496

Ақтаудағы 27 шағын ауданда үш баласын өлтірген күдікті Жәнібек Есеновтің "Жусан"операциясы барысында Сириядан елге қайтарылғаны белгілі болды. Ол Атырауда есепте тұрған. 

Үш баласын өлтірді деген күдікті "Жусан"операциясымен Сириядан қайтарылған Фото: polisia.kz

Жәнібек Есенов бала кезінен бокспен айналысып, мектеп бітірген соң Ақтауға көшіп, үйленіп, намаз оқи бастаған көрінеді. Туыстарының айтуынша, отбасымен дәстүрлі емес діни ағымды ұстанған.

Анаргүл Есенова ағасының балаларды жақсы көрненін және олармен бірге өмір сүруді қалайтынын айтты. Алайда, ажырасқаннан кейін балалар анасымен қалып, Атырауда тұрған.

“Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқығаным рас. Барлығы "вахаббизм" деп атайды. Маған бәрібір. Мен ешкіммен дауласпаймын. Мен тек өз әрекеттерім үшін жауаптымын. Маған бәрібір. Балалар Аллаға оралды. Осы адамның себепші болуымен Аллаға оралды", - деп жауап берген үш баланың анасы.

Ерлі-зайыптылар 2022 жылдың желтоқсанында ажырасқан. Бұрынғы ерлі-зайыптылар балалардың тұратын жері мен алимент туралы жиі дауласқан. Бұл туралы балалардың нағашы әжесі айтты.

“Олар жалдамалы пәтерлерді аралап, Атырауда да, Ақтауда да тұрды. Ол менің қызымды ұрды. Мен балаларымен бірге қызымды алып кеттім. Оны азаптан құтқаруым керек болды. Ол балалармен бірге оны да өлтіруі мүмкін еді. Балалар оған демалысқа барды. Бірінші рет емес, осыған дейін де барып жүрді", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2011, 2014 және 2016 жылы туған балаларды қатыгездікпен өлтіру дерегі 24 наурызда Ақтау қаласының 27 шағын ауданында тіркелді. Оларды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу