Үш банктің лицензиясынан айырылуы басқа қаржы ұйымдарына әсер етпейді - Данияр Ақышев

804

2018 жылғы жылғы тамызда және қыркүйекте Ұлттық банк пруденциялық нормативтерді және өзге де реттеуші талаптарды жүйелі түрде бұзғаны үшін Qazaq Banki банкін Эксимбанкті және Астана банкін лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған еді.

Үш банктің лицензиясынан айырылуы басқа қаржы ұйымдарына әсер етпейді - Данияр Ақышев

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматы қаласында өткен дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында банк секторының ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі. 

2018 жылғы жылғы тамызда және қыркүйекте Ұлттық банк пруденциялық нормативтерді және өзге де реттеуші талаптарды  жүйелі  түрде бұзғаны үшін лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады. Ол лицензияларды кері қайтарып алғанға дейін Қазақстанның Ұлттық банкі банктердегі ахуалды  тұрақтандыруға бағытталған шараларды әзірлеу үшін менеджментпен және акционерлермен қарқынды келіссөздер жүргізгендігін атап өтті. Алайда нақты шаралар ұсынылған және қабылданған жоқ.

"Qazaq Banki банкінің, Эксимбанкінің және Астана банкінің активтер бойынша үлесі 0,9%, 0,3% және 1% болды. Осы банктерді лицензиядан айыру басқа қаржы  ұйымдары үшін тәуекел туындатпайды", – деп түсінік берді Данияр Ақышев.

Ол лицензиядан айырған банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатындығын атап өтті. Жеке тұлғалардың кез келген валютадағы салымдары, төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы ақшасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қорының кепілдігімен қорғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу