Бокстан Бангкокта өтіп жатқан "Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017" халықаралық турнирінің жартылай финалына үш бірдей қазақ боксшысы шықты, деп хабарлайды vesti.kz.
Тайландтағы додаға еліміздің атынан 7 боксшы аттанған еді. Оның алтауы ширек финалға өткен болатын. Бүгін ширек финалдағы кездесулер өтіп, 3 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды.
52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтты. 75 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов шаршы алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді. Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (-75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфоннан басым түсті.
Бірінші кездесулерінде жеңіске жеткен Нұрбол Қалжанов (-56 келі) кәріс Ху Нам Жоға, Сұлтан Зауырбек (-60 келі) кубалық Палмер Каррион Дариевскиге, Қуан Қуатов (-64 келі) үндістандық Токас Рохитке жол берді.
Жартылай финалға өткен қазақ боксшыларының қарсыластары төмендегідей:
52 кг. Азат Махметов – Залдивар Сантистеба Франк (Куба);
69 кг. Садриддин Ахмедов – Жоэль Бахо (Филиппин);
75 кг. Ерік Әлжанов – Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).