Үш ел АҚШ-ты айыптап отыр

1079

Олар Сириядағы қордың америкалықтардың иеленуіне қарсы.

Үш ел АҚШ-ты айыптап отыр

Иран мен Ресей Сириядағы саяси жағдайға алаңдаулы. Олар америкалықтардың сол жердің пайдалы қазбасын игеруіне қарсы, деп хабарлайды Atameken Business.

Женевада бас қосқан Түркия, Иран және Ресейдің дипломаттары кен орындары жанында әскер ұстау және дербес елдің қорын пайдалану заңға қайшы екенін айтты.

Трамп Exxon Mobil немесе сол сияқты басқа да корпорация Сириядағы мұнайды өндіруге атсыласатынын хабарлаған. Америкалық сарапшылардың өзі мұның заңсыз әрекет екенін мойындап отыр.

"Олардың жасап жатқаны  – заңсыз. АҚШ-тың сарапшыларының өзі оның дұрыс емес екенін айтып жатыр. Халықаралық деңгейдегі заңдардың барлығында да дербес мемлекеттің пайдалы қазбасын, оның рұқсатынсыз игеруге болмайды деп анық жазылған. Америкалық әріптестеріміз біздің ұстанымымызды жақсы біледі. Біз алған бетімізден қайтпаймыз",– дейді Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу