Самарқанда Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Интерфакс.
Құжатқа Өзбекстан сыртқы істер министрі - Абдулазиз Камилов, Қазақстан СІМ басшысы - Қайрат Әбдірахманов және Түркіменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.
СІМ басшылары Самарканға Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференцияға және "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" кезекті диалогіне қатысу үшін барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу