Солтүстік Қазақстандық полицейлер үш елікті заңсыз атқан күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Жабайы жануарларды Смирнов мемлекеттік табиғи қорығынан Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны атып алған. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 160 АЕК көлемінде мемлекетке айыппұл төлейді не болмаса 45 тәулікке қамалуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу