Үш ғасыр бұрын жасалған қобыз табылды

1286

Үш ғасыр бұрын жасалған қобыз табылды

Жезқазған қаласында үш ғасыр бұрын жасалған қобыз табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Үш ғасыр бұрын жасалған саз аспабы атақты бақсы, дәулескер күйші Досымбай Итемгенұлына тиесілі екен. Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келген құнды жәдігер қазір бақсының бесінші ұрпағы Дастанбек ақсақалдың шаңырағында тұр. Қария қайтыс болғанымен, бәйбішесі Зипан әже қара қобызды көзінің қарашығындай сақтап келген. Зипан әжей көненің көзі болған киелі аспапты қадір тұтып, ақ матамен қаптап, төрге іліп қойған.
250 жыл бұрын жасалған қара қобыздың шектері босағаны болмаса, сынын бұзбаған. Жиде ағашынан тұтас шабылып, төменгі жағы терімен қапталыпты. Еспесі мен ысқышы жылқы қылынан тартылған. Ал құлақ бұрауының тұсында шолпылары және шанағында айнасы бар. Яғни осыған қарап-ақ бақсының қобызы екенін аңғаруға болады. 
Досымбай бақсы оны 19 ғасырда Баржығұл деген шеберге жасатқан екен. Кейін немересі Жұмаділдаға аманаттаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу