3 қазақ жігіті Ресей жағында соғысып, Украинада тұтқынға түскен

457

Желіде үш қазақ жігіті Украинада тұтқынға түскені туралы ақпарат тарады. 

3 қазақ жігіті Ресей жағында соғысып, Украинада тұтқынға түскен Фото: forbes.com

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратура желіде таралған видеомен танысқан. Ғалымжан Қойгелдиев тұтқынға түскен үш азаматтың соғысқа қатысу үшін өз еркімен баруы мүмкін екенін айтты.

"Бұл іс зерттеледі. Әлі тергеу амалдарына кіріскен жоқпыз. Олардың әрекеті Қылмыстық Кодекстің 170-інші және 172-інші баптары аясында қаралады", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Қазақстан бұл мәселеге қатысты Украинаға жүгінбегені де айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу