Үш қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады

537

Финалдық кездесулер бүгін өтеді.

 Үш қазақстандық боксшы Венгриядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады Фото: olympic.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында боктан Иштван Бошкайды еске алуға арналған халықаралы турнирдің финалына шыққан боксшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақтық сында айқасатын боксшылар қатарында үш қазақстандық спортшы бар. 52 келідегі Сабырхан Махмұдов италиялық Федерико Серруды ұтып, финалға жолдама алды. 69 келідегі Талғат Шайкен Украина спортшысы Ярослав Самоталовты жеңді. Сондай-ақ, 91 келідегі Айбек Оралбай франциялық қарсыласын ұтып, турнирдің алтынына таласатын болды. 

Ал жартылай финалда сүрінген Айдос Арапов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Дамир Тойбай (+91 келі) қола жүлдегерлер қатарында. 

Финалдық кездесулер 7 ақпанға жоспарланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу