Үш компанияның IPO-ға шығатын мерзімі айқындалды

925

Биржаға Air Astana, "ҚазМұнайГаз" ҰҚ мен "Қазақтелеком" акциялары шығарылмақ.

Үш компанияның IPO-ға шығатын мерзімі айқындалды Фото: inform.kz

ҚР қаржы министрлігі үш ірі компания – Air Astana, "ҚазМұнайГаз" ҰҚ мен "Қазақтелекомға" қатысты IPO мерзімін айқындады. Бұл туралы Астана халықаралық биржасының (AIX) басқарма төрағасы Тим Беннетт мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бір ай бұрын "Қазақтелеком" IPO-ға осы жылдың мамырында, ал Air Astana қазан немесе қарашада, "ҚазМұнайГаз" – 2020 жылдың екінші тоқсанында шығатынын айқындады", – деді Тим Беннетт Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, AIX басшысы биржаға акцияларды шығармас бұрын нарық шарттары мен инвестиция бойынша қызығушылықты есепке алу керектігін айтты.

"Нарық пен капиталда соңғы алты айда ауытқу көп болды. Сол себепті бұл IPO биыл өткенін қалап отырмыз. Алайда, аталмыш компаниялардың мүддесіне қарай листинг биыл жүргізілмеуі де мүмкін", –дейді ол.

Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының алғашқы сауда-саттығы іске қосылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу