Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды

137

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді, деп жазады inbusiness.kz  сайты.  

Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды Фото: polisia.kz

"Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг “синтетика” және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу