Үш күннен бері тікұшақпен іздеп таба алмаған қарағандылық малшы табылды

654

Қарағанды ​​облысында жылқы іздеп кеткен жылқышы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш күннен бері тікұшақпен іздеп таба алмаған қарағандылық малшы табылды Фото: бейнеден ТЖМ баспасөз қызметі

14 ақпанда үш бақташы жоғалған жылқыларды іздеу үшін мал шаруашылығынан шығып кеткен. Олар қарда жүретін көлікпен жолға шыққан.

Сол күні түн батқанша екеуі жұмыс орынына қайтып келсе, үшіншісі келесі күннің түнінде де үйіне оралмаған.

Осы уақытқа дейін оның жанармайы таусылып қалды не болмаса қарлы боранда кері жолды таба алмай қалуы мүмкін еді.

37 жастағы малшыны әріптестері мен туыстары өздері іздеп, кейін полицияға хабар берген.

Хабар алған сәттен Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмысына қосылды.

Ер адамның толық сипаттамасы бар бағыттама облыстағы барлық полиция бөлімдеріне және жақын маңдағы облыстарға жіберілді.

Кеше полицейлер оны іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын екі рет аттандырды, бірақ нәтиже болмады.

Жаяу іздегеннен де ештеңе шықпады.

Ал, облыста ауа температурасы минут сайын төмендеп, қарлы боранмен қоса, даладағы аяз күшейе түсті.

Малшыны тірідей табамыз деген үміт минут санап сөніп бара жатты.

Бүгін учаскелік инспектор Бекзат Шокембаевтан ауыл тұрғынының табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Жоғалған азамат өз ауылынан 120 шақырым жерде, яғни Қарағанды ​​мен Ұлытау облыстарының шекарасындағы қыстақта болған.

Жағдайы бірқалыпты. Қазіргі уақытта оны үйіне жеткізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу