Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров БАҚ-ты сотқа беретінін мәлімдеді. Бұған дейін отандық ақпараттық агенттіктер боксшының қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тұраровтың сөзінше, бұл ақпарат – жалған, шындыққа сай келмейді. Ал, оны бірінші болып таратқандармен ол заң тұрғысында "сөйлесетінін" айтып отыр.
"Таңертеңнен бері миллион хабарлама түсіп жатыр. Өзім таң қалып отырмын және бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаймын. Жала жабылып отыр. Ал, осы жалған ақпаратты таратқан прессаны сотқа беремін", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, боксшы төсектес болатын қызға мұқтаж емес екенін де мәлімдеді.
"3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім түсінбей отырмын", - деді ол.