Үш қызды өлтірген қылмыскер ең ауыр жазадан сытылып кетті

Англияның Саутпорт қаласында болған жағдай әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген еді. 

Үш қызды өлтірген қылмыскер ең ауыр жазадан сытылып кетті Фото: BBC

"Үш қызды өлтірді" деп айыпталған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін Англияның Саутпорт қаласында би сабағы кезінде 3 кішкентай қызды өлтіріп, тағы 10 адамды жаралаған 18 жастағы Аксель Рудакубана барлық айыпты мойындаған еді. Ол кемі 52 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. 

Судья Джулиан Гус шартты түрде мерзімінен бұрын босатусыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алмайтынын жеткізген. Себебі, қылмыс жасалған кезде Рудакубана 18-ге толмаған және ол өз кінәсін мойындаған. Сондықтан, қылмыскер ең ауыр жазадан құтылып кеткен. 

Рудакбуана балаларға шабуыл жасағанда 17 жаста болған. Шамамен 15 минутқа созылған шабуыл уақытында қаскөй 9 бен 7 жастағы Алиса Дасильва Агиарды, Элси Дот Станкомбты және 6 жасқа толған Бебе Кингті өлтіріп, тағы сегіз бала мен екі ересек адамды жаралаған. 

Ең сорақысы, қайтыс болған қыздардың бірінде 122, екіншісінде 85 жарақат болғаны айтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу