Үш медицина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

1209

"Дармек" жедел алдын алу іс-шарасының төртінші кезеңінде қызметінде есірткі құралын, психотроптық зат пен прекурсор қолданатын 75 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үш медицина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

"6 күн ішінде Қылмыстық кодекстің 303-бабына қайшы келетін 12 қылмыс анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында құрамында есірткі бар препараттарды қолдану ережесін бұзған 3 медицина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды", – деді ресми өкіл. 

Нұрділдә Ораздың сөзінше, 129 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 129 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 32-сі медицина саласының қызметкері. 

"Барлық материалдар Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді. Айналымнан 356 ампула есірткі құралы, 5 258 таблетка, 173 ампула психотроптық зат, 258 ампула прекурсор алынды", – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу