Үш мегаполистің маңындағы мәселелерді шешуге қаржы қарастырылады

876

Қала шетіндегі проблемаларды шешуге 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлінеді.

Үш мегаполистің маңындағы мәселелерді шешуге қаржы қарастырылады

Елдегі үш  ірі қала – Алматы, Астана және Шымкенттің шетіндегі проблемаларды шешуге 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлінеді, деп мәлім етті президент. 

"Аймақтық көлік инфрақұрылымының барлық нысандары, онрың ішінде әуежайлар, авто және темір жол вокзалдары жаңғыртылуға тиіс. Ірі қалалардың төңірегіндегі мәселелерді шешу үшін 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлінеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

"Тап осы жерлерде қиындықтар көп. Әлем бойынша барлық қиындықтың қала маңындағы жерлерде екенін көріп отырмыз. Адамдар жұмыс іздеу үшін ұмтылады, ал тұратын баспана жоқ. Ал оны ала алмайды. Мемлекет те жасай алмайды, өйткені мемлекет те таусылмайтын қазына емес", – деді мемлекет басшысы.

Ең ірі қала – Алматыдағы халық саны 1,7 млн-нан асады, ал Астана мен Шымкентте 1 млн адам тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу