Үш мұнай өңдеу зауытының істен шыққаны туралы ақпарат жалған – Энергетика министрлігі

475

Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауыты істен шықты.

Үш мұнай өңдеу зауытының істен шыққаны туралы ақпарат жалған – Энергетика министрлігі Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі үш мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Атырау МӨЗ.

Электр энергиясының сөнуіне байланысты Атырау МӨЗ технологиялық және қосалқы нысандарының апаттық тоқтауы орын алды.

Электр энергиясын қалпына келтіру басталды, зауытты кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Жинақталған жанар-жағармай қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Шымкент МӨЗ.

Шымкент МӨЗ АИ-95 автобензинін шығаруды шектей отырып, каталитикалық риформинг қондырғысының жұмысын жалғастыруда. Регенерация және іске қосу 14 шілдеде аяқталады.​

Жинақталған жанар-жағармай қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Павлодар МХЗ.

Зауыт жоспарлы жөндеуден өтіп, 19 шілдеде іске қосыла бастайды.

Жинақталған ЖЖМ қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Елдегі ЖЖМ жиынтық қорлары (мұнай базаларында, МӨЗ және резервуарларында) нарық қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу