Үш мыңға жуық тұрғын үй қысқы кезеңге әлі дайын емес

Абай, Ақтөбе облыстарында көптеген денсаулық сақтау нысандары жылыту маусымына дайын болмай шықты. 

Үш мыңға жуық тұрғын үй қысқы кезеңге әлі дайын емес Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9%-ды құрайды. Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындалмаған нысандарының ең көп саны Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында байқалады", – деді Қанат Шарлапаев.

Тұрғын үй қорының дайындығына келетін болсақ, 

қырық жеті мың үйде дайындық жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың 94%-ын  құрайды (жоспар – 50 085).

"Үш мыңға жуық тұрғын үй (2 993) қысқы кезеңге әлі дайын емес. Дайындықтың төмен қарқыны Маңғыстау облысында (891 тұрғын үй), Шымкент (478 тұрғын үй) және Алматы (331 тұрғын үй) қалаларында байқалады", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу