Үш нәресте коронавирус жұқтырған

624

Жаңа жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде коронавирус бойынша 942 бала бақылауға  алынған. Соның ішінде 542 балада вирус белгілері жоқ болса, 320 жеткіншекте сырқаттың жеңіл түрі, 320-сында орташа ауыр түрі байқалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үш нәресте коронавирус жұқтырған Фото: Максим Морозов

"942 баланың ішінде 1 пациентте COVID–19 белгілері бар асқынған вирустық пневмония және екі балаға бактериялық сипаттағы пневмония диагнозы қойылған", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, жаңа туған үш сәби коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның біреуі – Павлодар облысында, екіншісі – Солтүстік Қазақстан облысында болса, үшінші сәби Нұр-Сұлтан қаласында туған.

Былтыр тамыз айынан бері елімізде Кавасаки синдромына ұқсас COVID–19-мен астасқан мультисистемалық қабыну синдромы балалар арасында тіркелгені белгілі.

"Осы сырқатқа 45 бала шалдығып, екеуі қайтыс болған. Қалғаны ауруынан құлан-таза айықты, бүгінде Қазақстанда мультисистемалық қабынау синдромы бар науқас жоқ, – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу