Үш облыс бірлесіп туризм саласын дамытпақ

Қазақстанда 380 туроператордың жұмыс істеуге лицензиясы бар. 

Үш облыс бірлесіп туризм саласын дамытпақ Фото: Алматы ҰКП

Туризм жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысының туризм саласы, мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосып, туризмді дамыту бойынша жалпы жұмыс барысын талқылады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы туризм инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті жағдай жасау, шетелдік инвесторларды тарту және еліміздің бүкіл экономикасын дамытуға қажетті бірлескен туристік жобаларды іске қосудың маңызды екенңн атап өтті. ӨКП алаңында кеңес құру бастамасын қыркүйекте Алматы әкімі Ерболат Досаев пен ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов бизнес қауымдастықпен кездесуінде қолдаған болатын. Туризм бойынша салалық кеңестер құру жұмыстары республика бойынша жүргізілуде. Өйткені, туризмді дамыту өңірлік дамудағы жалпыға ортақ міндет.

"Біздің ортақ мақсатымыз – өңірдің туризмін дамыту. Осы жолда баршадан жиындарға барынша қатысуды сұраймын. Туризмде аймақтық деңгейдегі проблемалар, сондай-ақ Парламент, Үкімет деңгейінде шешілуі керек мәселелер бар. Біздің бастамамызды мемлекеттік органдар, ұлттық парктер басшылары және барлық үш өңірдің қауымдастықтары қолдайтынына қуаныштымын", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

Спикер Алматы агломерациясы Алматы облысының бес әкімшілік ауданынан: Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар және Қапшағай қалалық әкімшілігі аумағының бір бөлігінен тұратынын еске салды.

Сондай-ақ Болашақ Gate City (G4 city) қаласы. Бұл аумақтар көліктік қолжетімділіктің 1,5 сағаттық аймағына кіреді - магистральдық қатынас жолдары бойымен 110 шақырымнан немесе Алматыдан өзге учаскелерде 75 километрден аспайды.

Қазақстан туристік қауымдастықтың төрағасы Рашида Шайкенова туризм саласында бизнес пен мемлекеттік органдарды шоғырландырудың маңызын атап өтті.

"Мұндай кеңестің құрылуы өзекті, өйткені туристік маусым басталғанына қарамастан қызығушылық бар. Қазір бәріміз максималды жүктеме кезеңіндеміз. Мәселен, қытайлық туристердің біздің шекарадан өтуіне қатысты мәселелерді шешу үшін ертең Қорғасқа аттануға дайындалып жатырмыз", – деді Рашида Шайкенова.

Қазір мемлекеттік электрон тізілім деректері бойынша, Қазақстанда 380 туроператордың жұмыс істеуге лицензиясы бар. Бұл ретте олардың 34-і ғана елден кету үшін жұмыс істесе, қалғандары ішкі және келу туризмі саласында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электронды форматтағы лицензиялары бар 1240 туроператор тіркелген болатын. Олардың көпшілігі өз жұмысын тоқтатты, бірақ тізілімге жазылуын жалғастырды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтін құжаттардың әрекетін лицензиаттардың өздері де, жергілікті атқарушы органдар да тоқтатқан.

Палата төрағасының айтуынша, өткен жылы Алматыға 1 800 000-нан астам турист келген (өткен жылмен салыстырғанда 48,3%-ға ұлғайған), оның ішінде шетелдік - 417353 адам (2,5 есе ұлғайған), орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі - 56,1 млрд теңгені құрады.

Рашида Шайкенова туризм бағыттары әр түрлі екенін және олардың әрқайсысын бөлек қарау керектігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу