Үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды

712

Үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды

Ауа райының күрт құбылуына (көктайғақ) байланысты үш облысқа қатынайтын автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысында 24 желтоқсанда сағат 21. 30 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелетінін ескертеді. Павлодар облысында 24 желтоқсанда сағат 23.55 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, Ақмола облысында  да 24 желтоқсанда сағат 23.00 бастап  автокөліктің барлық түрлері бойынша "Екатеринбург-Алматы" (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу