Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, яғни 15 наурыздағы сағат 09:30-дағы ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі:
- Астана – Петропавл күрежолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
- Астана – Петропавл күрежолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
- Көкшетау – Омбы тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;
Батыс Қазақстан облысында:
- Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске:
- Челябинск – Новосибирск тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
- Астана – Петропавл тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
- Жезқазған – Петропавл тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
- Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
- Көкшетау – Омбы тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу