Үш облыста бруцеллез індетінің өсуі байқалады

450

Десек те республикада бруцеллез бойынша жағдай тұрақты.

Үш облыста бруцеллез індетінің өсуі байқалады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жағдай тұрақты болып көрінгенімен, бірқатар өңірде өсім байқалып отыр. Атап айтқанда, бұл Жетісу, Қостанай және Абай облыстары. Барлық жағдайда ауру ауыл шаруашылық жануарларына күтім жасаумен байланысты болған. Негізінен бұл ұсақ және ірі қара мал", - деді Бас санитариялық дәрігер.

Инфекцияның көзі жануар болғандықтан, уақытылы тексеруден өтіп, екпе алу қажет, деп жалғастырды спикер.

“Егер осы жылдың 7 айындағы ауру көрсеткішін былтырғы кезеңмен салыстырсақ, онда бұл шамамен бір деңгейде. Өткен жылы ауруды жұқтырудың 350-ге жуық жағдайы тіркелсе, биыл 370 жағдай”, - деді Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу