Үш облыста егіс жұмыстары аяқталды

931

Бүгінгі күні дәнді және бұршақ дақылдарының егілуі 91% (13,3 млн га), майлы дақылдар 90% (2,7 млн), қауын және картоп 89,5% (422,3 мың), қант  қызылшасы - 93,2% -ға (20,5 мың) аяқталды. 

Үш облыста егіс жұмыстары аяқталды

Шымкент, Ақтөбе және Атырау облыстарында көктемгі дала жұмыстары жүргізіліп болды, қалған өңірлердегі егіс науқаны өз уақытында аяқталады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Осыған дейін фермерлер мақта мен көпжылдық шөптерді себуді бітірген болатын. Айта кету керек аталмыш дақылдарды егу жоспарлаған уақыттан ерте аяқталды. Мақта 125 мың гектарға (114%), жемшөп дақылдары 401 мың гектарға (138,9%) егілді.

Осы қарқынмен еліміздегі көктемгі дала жұмыстары санаулы күнде толығымен аяқталады деп күтіліп отыр.

Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егін науқаны уақытында басталып, ойдағыдай жүргізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарын жедел қаржыландыруды қамтамасыз етті. Арзан отынды, субсидияланған минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді уақтылы жеткізуді ұйымдастырды. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, қаржы институты "Кең Дала" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары бойынша жылдық 5 және 6%-бен фермерлерге несие берді, сонымен қатар, ауылшаруашылық техникалары жеңілдікпен жалға берілді.

Сондай-ақ, елде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарымен айналысатын фермерлерді және техникаларды блокпосттардан еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Қосалқы бөлшектерді сататын және ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысы да тоқтаған жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу