Қазақстанның үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.
"Қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 26-28 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар", – деп жазылған хабарламада.
"Қазгидромет" мамандары қар басқан тау бөктеріне шықпауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу