Үш облыста көлік қозғалысы шектелді

102

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК мәлімдеді.

Үш облыста көлік қозғалысы шектелді Фото: canva

2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар екі облыстық автожолда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы:

– "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін);

– "Қостанай- Әуликөл-Сұрған" автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);

– "Жақсы – Есіл – Бұзылық" автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);

– "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)" автожолының 16-419 шақырым аралығы (Астана қаласынан СҚО шекарасына дейін);

— "Астана-Қорғалжын" автожолының 19-124 шақырым аралығы (Астана қаласынан-Қорғалжын ауылына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысы:

– "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 834-856 шақырым аралығы (Чистополье ауылынан-Ақмола облысы шекарасына дейін)

– "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-624 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасынан Достық ауылына дейін)

Қостанай облысы:

– "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін)

– "Қостанай- Әуликөл- Сұрған" автожолының 218-232 шақырым аралығы (Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Жолды 2025 жылғы 28 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу