Үш облыста сенаттың жаңа депутаттары сайланады

662

Жаңадан жасақталған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлады Atameken Business.

Үш облыста сенаттың жаңа депутаттары сайланады

Заңға сәйкес, болашақ сенаторларды әр өңірдің мәслихат депутаттары таңдайды. Яғни олар, жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс береді. Сайлау, мәслихат депутаттарының бірлескен отырысынан кейін, Елорда уақытымен сағат 11.00-де басталады.

Жалпы Сенатқа сайланатын 6 мандатқа үш облыстан 12 кандидат үміткер болып отыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беретін мәслихат депутаттарының жалпы тізіміне 346 адам енгізілген. Сондай-ақ дауыс беру барысын, Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы онлайн байқауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу