Үш облыста шомылуға рұқсат етілген орындардың тізбесі әлі бекітілмеген

430

Республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 487 орын анықталды. 

Үш облыста шомылуға рұқсат етілген орындардың тізбесі әлі бекітілмеген Фото: inform.kz

Оның ішінде 149-ы коммуналдық, 338-і жеке жағажай. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, осы күнге дейін Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында рұқсат етілген орындардың тізбесі бекітілмеген. Бұдан бөлек Алматы және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің қаулылары қайта өңдеуді қажет етеді. 

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған құтқару бекеттерімен қамтамасыз етілген 307 жағажай бар (95 коммуналдық және 212 жеке). Қалған 180 рұқсат етілген орын (коммуналдық және жеке) медициналық пункттермен және балаларға арналған шомылу учаскелерімен қамтамасыз етілмеген. Мысалы, Қарағанды облысында қолда бар 75 орынның 63-і, Маңғыстау облысында 38 орынның 34-і, Павлодар облысында 42 орынның 25-і ал Қостанайда 25-тен 12-сі бар", - деді министр. 

Ведомство басшысы шомылатын орындарды құру және жабдықтау қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу