Қазгидромет 14-сәуірде 2018 жылдың 14-20 сәуірі аралығындағы кезеңге апталық гидрологиялық болжам шығарды. Болжамға сәйкес, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстары су тасудың қауіпті шегінен өтті.
Жерді қашықтықтан зондтау түсірілімдері мен гидрометорологиялық станциялардың деректері бойынша бұл облыстарда ылғал қорының көлемі едәуір қысқарған, 13-сәуірдегі жай-күй бойынша тұрақты қар жамылғысының ауданы, негізінен жыраларда, сайларда, ағаш отырғызылған жерлерде 0-7% құрайды. Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарының өзендеріндегі су деңгейі төмендеп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу