Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында автокөлік жолдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Боран соғып, жолдың нашар көрінуіне байланысты Алматы облысы мен ШҚО-да шектеу жалғасады. Алматы облысында: "Үшарал-Достық", 83-184 шақырым, Көктума ауылынан Достық ауылына дейін; "Сарыөзек-Көктал", Көгалыдан Басшы ауылына дейін.
ШҚО-да: "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы", 108-123 шақырым, Шемонаихадан РФ шекарасына дейін; "Семей-Қайнар", 8-284 шақырым. "Қазавтожол" РМК деректеріне сүйенсек, жол учаскелерінде жол жиегін қардан тазалау, құм себу жұмыстары жалғасады. Жұмысқа 434 бірлік арнайы техника, облыстық филиалдардан жеке құрам тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу