Үш облыстағы қала халқы ғана 100% орталықтандырылған сумен қамтылған

654

Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен.

Үш облыстағы қала халқы ғана 100% орталықтандырылған сумен қамтылған

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында ауыз сумен қамту деңгейі төмен екенін мәлімдеді. 

Оның сөзінше, биыл қалалардың  97,5%, ауылдардың 87,7% орталықтандырылған су жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы қала халқына ғана 100% орталықтандырылған сумен қамтылған.  

"Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында да көңіл көншітпейді. 

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді. Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу