Үш облыстың шекарасы белгіленді

605

Үкімет қаулысымен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгеріске ұшырады.  

Үш облыстың шекарасы белгіленді Фото: google.com

Бұдан бөлек Абай облысының шекарасы белгіленді, деп жазады inbusiness.kz.

Тиісті өзгерістерді қамтитын қаулы 10 шілдеден бастап күшіне енді.

Шығыс Қазақстан облысының шекарасы Семей және Курчатов қалаларын, Ақсуат ауданын, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандарын алып тастау жолымен өзгерді. Осылайша жалпы ауданы 18536,6 мың гектар Абай облысының құрамына берілді.

Павлодар облысынан жалпы ауданы 11000 гектар болатын әкімшілік-аумақтық бірлік Курчатов қаласы алынып тасталды.

Абай облысының жалпы ауданы 18547,6 мың гектар аумақты құрады. Оның құрамына Семей және Курчатов қалалары, Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандары енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу