Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.
"Сары" аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1208 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (410) және Нұр-Сұлтанда (203).
Сондай-ақ бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21314 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу