Үш өңірде бопсалаушылардың қылмыстық топтары ұсталды

202

Соңғы үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Үш өңірде бопсалаушылардың қылмыстық топтары ұсталды Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды.

Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан.

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу