Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.
Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді.
2023-2024 оқу жылының аяқталуында "Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.
Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.