Үш өңірдің халқы жарықсыз отыр – Юрий Ильин

970

Қатты жел 395 нысанға зиян келтірген.

Үш өңірдің халқы жарықсыз отыр – Юрий Ильин

Апта басында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, елдің мазасын алған болатын. Айтпай келген апат Ақмола облысында екі адамның өмірін қиып, үш өңірде бірнеше елдімекенді жарықсыз қалдырды. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин аталмыш тосын оқиғаның зардаптары туралы толыққанды ақпарат берді.

"КEGOK компаниясына тиесілі электрмен жабдықтау желілері үзілген. Сонымен бірге түрлі ғимараттардың шатыры ұшқан. Осы кезеңде жалпы есеппен 395 нысан зардап шеккен. Ақмола облысының аумағында  – 210, Қостанай облысында  – 92, Солтүстік Қазақстанда 93 нысан желден зиян шекті. Оның бәрі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар. Қолымыздағы мәліметтер бойынша үш өңірде электрмен қамту жүйесі бүгін кешкі сағат 18.00-ге дейін қалпына келіп, бүкіл халық қуат көзіне қосылады", – деді Юрий Ильин онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу